Дубайға конкурсқа апарамын: Астанада бір топ ата-ананы алдаған ер адам ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv

 Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Астанада домбыра үйірмесіне қатысатын балалардың ата-аналарынан полицияға ұжымдық арыз түсті,  деп хабарлайды Almaty.tv.

 Алдын ала мәлімет бойынша, 32 жастағы ер адам ата-аналардың сеніміне кіріп, үйірме тәрбиеленушілерін байқауға қатысу үшін Дубайға апаруды ұйымдастыруға уәде берген. Осы сылтаумен азаматтардан әртүрлі мөлшерде ақша алған.

Қазіргі уақытта алдау жолымен ақша қаражатын иемденудің 11 дерегі анықталды.  Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ басқа да тұлғалардың болуы мүмкін қатыстылығы анықталуда.

Полиция азаматтарға ақша бермес бұрын ұсынылған ақпараттың шынайылығына көз жеткізуді, құжаттар мен қызмет көрсету шарттарын мұқият тексеруді, сондай-ақ ресми құжаттармен расталмаған уәделерге сенбеуді ескертеді. Күмән туындаған жағдайда полицияға “102” нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Оқи отырыңыз: Климаттық жобаларды іске асыруға $4 млн-нан астам қаржы тартылуы мүмкін