Шаһарда бүгінде 712 мың жас бар, соның 58 мыңы – еріктілік қызметке белсенді атсалысып жүр
Бүгін – Дүниежүзілік еріктілер күні. Айтулы датаға орай Алматыда волонтерлер форумы өтіп, қала жастарының еңбегі дәріптелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара барысында қоғамға үлес қосып жүрген белсенділер мен еріктілер ұйымдарының өкілдері марапатталды. Сондай-ақ форумда мегаполистегі волонтерлік экожүйені одан әрі дамытуға бағытталған жаңа жобалар мен бастамалар таныстырылды.
Айта кетейік, шаһарда бүгінде 712 мың жас бар, соның 58 мыңы – еріктілік қызметке белсенді атсалысып жүрген жастар.
«Қазіргі таңда волонтерлік фрон офисте 30-дан астам ұйым бар. Ұйымдар әр бағытқа бөлінеді. Кейбір волонтерлер экологиялық шараларға атсалысса, кей еріктілер тобы адам жоғалған кезде көмектеседі», – деді Жастар саясаты басқармасының басшысы Әзиз Қажденбек.
Оқи отырыңыз: Қазақстан еріктілер қозғалысын нығайтуға және жаһандық серіктестікке дайын – Президент