Қызғалдақтың әр түсі белгілі бір мағынаға ие
Көктемнің келгенін көпшілік асыға күтеді. Жаңа үмітпен, жағымды өзгерістермен және жылы сезімдермен байланысты бұл мезгілдің алғашқы ірі мерекесінің бірі – 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күні. Бұл күні нәзік жандыларға гүл сыйлау дәстүрге айналған. Ал сол гүлдердің ішінде қызғалдақтың орны ерекше, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қызғалдақ – көктем символы
Қызғалдақ – әлемдегі ең танымал гүлдердің бірі. Оны өсіру жағынан көбіне Нидерланд елі алдыңғы орында тұрғанымен, бұл өсімдіктің тарихи отаны Орталық Азия болып саналады.
Гүлдің қарапайым әрі нәзік пішіні, жарқын түстері мен көктеммен үндесетін табиғаты оны ерекше танымал етті. Сондықтан да қызғалдақ көктемнің, жаңарудың және шынайы сезімнің белгісі саналады.
Қызғалдақтың түсі нені білдіреді?
Қызғалдақтың әр түсі белгілі бір мағынаға ие:
Сондықтан гүл таңдарда оның түсіне де мән берген жөн.
8 наурызға қанша қызғалдақ сыйлаған дұрыс?
Гүл саны да белгілі бір мағына білдіреді:
Жаңа әрі сапалы қызғалдақты қалай таңдауға болады?
Мамандар гүлді таңдағанда бірнеше маңызды белгіге назар аударуға кеңес береді:
Қызғалдақ ұзақ сақталуы үшін не істеу керек?
Гүл букеті ұзақ уақыт әдемі болып тұруы үшін:
Айта кетерлігі, қызғалдақтың ерекше қасиеті бар: кесілгеннен кейін де сабағы өсе береді. Сондықтан букет күн сайын сәл өзгеріп тұратындай әсер қалдырады.
Қызықты деректер
Қызғалдақ неге 8 наурыздың ең танымал гүлі?
Қызғалдақ – қарапайым, әдемі әрі нәзік гүл. Ол кез келген интерьерге жарасады: үйде де, кеңседе де сән береді. Ең бастысы – бұл гүл махаббатты, жылулық пен қамқорлықты білдіреді.
Сондықтан 8 наурызда сыйланған бір шоқ қызғалдақ адамның көңілін көтеріп қана қоймай, көктемнің жарқын көңіл күйін сыйлайды.
Оқи отырыңыз: Наурыздағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді