Референдумға дейін:
7
күн
0
сағат
16
минут

Наурыздағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың тізімін 1414 нөмірі арқылы білуге болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Жексенбі және дүйсенбі күндері, яғни 8 және 9 наурызда барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, кезекші бөлімшелерді қоса алғанда, жұмыс істемейді.

Наурыз мерекесі күндері 21, 22, 23, 24 наурыз күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болмайды.

"25 наурыз, сәрсенбі күні, кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі", - делінген корпорация хабарламасында.

Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай - зерттеу нәтижесі

Новости партнеров