Жиналған жұрт стадиондағы қоқысты жинап, жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетті
«Астана Арена» стадионында өткен Дженнифер Лопестің ерекше шоуынан кейін көрермен қауым ерекше экологиялық бастама көтерді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, концерт аяқталған соң жұрт трибунадан кетіп қалмай, стадиондағы қоқысты жинап, мәдениеті мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетті.
«Акцияға елорда тұрғындарының сүйікті кейіпкеріне айналған Тазабек те қосылды. Ол да көрермендермен бірге тазалыққа үлес қосып, ерекше бастамаға үлес қосты», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Полиция қоғамдық орында бетті тұмшалап жүруге тыйым салынатынын ескертеді