Орал қаласының қос тұрғындары егіз — Зәуре мен Зере Америкадағы тіл мектебінен Астана арқылы кері ұшып шыққан
Биыл жазда FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлері Астанадан Орал қаласына жолға шыққан егіз жасөспірімнің бірін әуежайда қалдырып кеткен. Бұл туралы егіздің анасы Жазира Мусина өзінің әлеуметтік парақшасына жазып, арты шуға айналған еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Сот Air Astana әуе компаниясына Зеренің анасына 5 000 000 теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттеді», — деп жазды егіздің анасы Жазира Мусинаның адвокаты желідегі Дәнілхан Шағатаев жеке парақшасында.
Адвокаттың айтуынша, әуе компаниясы бастапқыда шағымға атүсті қараған, іске қоғамдық наразылықтан кейін мән берген.
«Бұл бірінші жағдай емес, сондықтан біз кәмелетке толмаған жолаушылардың құқықтарын қамтамасыз етуде нақты өзгерістерге қол жеткізу үшін соңына дейін баруға шешім қабылдадық. Қазір комитет түзетулер бойынша жұмыс істеп жатыр», — дейді ол.
Еске салсақ, келеңсіз жайт биыл тамызда болған еді. Орал қаласының қос тұрғындары егіз — Зәуре мен Зере Америкадағы тіл мектебінен Астана арқылы кері ұшып шыққан. Елордаға аман жеткен қос жасөспірімнің бірі Астана — Орал бағытында ұшқан FlyArystan әуекомпаниясының ұшағынан қалып қойған.
Оқи отырыңыз: Бір жылда жол сапасына қатысты 20 мың шағым түскен