Екі адам зардап шекті: газ құбыры жарылған маңда тексеру жұмыстары жүргізілуде

16.07.2025 20:05

Зардап шеккендер медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген

Алматыда жерасты газ құбыры жарылып, жол жамылғысы опырылып түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салдарынан сол маңайдан өтіп бара жатқан көлік аударылып, онда отырған 2 адам зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген. Оқиға Байзақов көшесі мен Бұқар жырау гүлзары қиылысында болған. Қатты соққының әсерінен ағаш түбімен қопарылып, электр бағанасы құлаған. Ал салаға жауаптылар бұл жайтқа жаңа тартылған газ құбырын тексеру кезінде ауа қоспасының сыртқа шығып кетуі себеп деп отыр.

Жарылған құбыр жаңа, әлі іске қосылмаған. Оқиға қысымды сынау кезінде болды. Сынақ кезінде ауа қоспасы сыртқа шығып кетті. Апаттық қызмет оқиға орнына жедел жетті. Қазір аумақ қоршалып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы бөлімінің бастығы Айбек Қасымов.

Оқи отырыңыз: Әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамға үкім кесілді