Ақтөбеде екі баласын өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Әйел босанғаннан кейін күйзелісте болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде екі баланың денесі табылды. Қазір олардың анасы ұсталып, қамалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қылмыстық оқиға Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында тіркелді. Полиция екі баланың мерт болғанын анықтады. Алдын ала белгілі болғаны, босанған ана күйзеліске ұшыраған.

— Олардың өліміне күдікті ретінде анасы, Атырау облысының тұрғыны ұсталды. Әйел босанғаннан кейін күйзелісте болған. Қылмыстық іс қозғалып, әйел уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу полиция бастығының бақылауында, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Әзірге полиция балалардың неше жаста екенін айтпады. Белгілі болғаны, әйел Атыраудан Қандыағашқа қонаққа келген.

Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореяда орман өртінен 4 адам қаза тапты
 

Новости партнеров