Оңтүстік Кореяда орман өртінен 4 адам қаза тапты

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Алапат өрттен қауіп төнген аудандарда 1,5 мың адам эвакуацияланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жексенбі күні таңертең Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс аймағындағы орманнан өрт шығып, соның салдарынан 4 адам қаза тапқан, сондай-ақ алты адам жарақат алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, өрттің тез таралуына қатты жел ықпал еткен.

Белгілі болғандай, өрт Сеулден 250 шақырым жердегі 3 мың гектардан астам орманды шарпыған. Елдің төтенше жағдайлар қызметі қазір 27 белсенді өрт ошағы бар екенін, қауіпті аймақта орналасқан 15 ауылдың тұрғындарын эвакуациялауға тура келгенін хабарлады.

«Орман өрті құрғақ ауа райына байланысты тез таралып, адамдар өміріне қауіп төндіріп жатыр», - деді Апаттарды басқару орталығы директорының орынбасары  Ли Хан Гён.

Өрт салдарынан көне храм да өртеніп кеткен.

Оқи отырыңыз: АҚШ-та бір күн ішінде 1 мың алтын карта сатылып кетті

Новости партнеров