Екібастұзда құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметшілер әшкереленді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Лауазымды тұлғалар букмекерлік кеңселерде белсенді шоттарға ие болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екібастұз қалалық прокуратурасы әкімдік мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілерін анықтады. Атап айтқанда, лауазымды тұлғалар заңнамалық тыйымға қарамастан букмекерлік кеңселерде белсенді шоттарға ие болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство мәліметінше, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісінің жеке шоты бойынша айналым 6,8 млн теңгені құраған.

Осыған ұқсас заңбұзушылықтар ауылдық округ әкімі, Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының орынбасары, сондай-ақ қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жеті қызметкері тарапынан да анықталды.

Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша барлық құқықбұзушылық фактісі жөніндегі материалдар Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданды.

"Мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтауға бақылауды әлсіз жүргізгені үшін қала әкімі аппаратының жауапты басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды",- делінген прокуратура хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бес өңірінде жерасты су көздерін іздеу жұмысы басталады

Новости партнеров