Елордадағы кітапханада бүлдіршіндерге арналған экосағат өтті

08.06.2026 14:46

Іс-шара мектепке дейінгі жастағы балаларға арналып ұйымдастырылды

акимат Астаны

Астанадағы №7 Балалар кітапханасында «Экология – табиғат жүрегі» атты ақпараттық сағат өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты,  деп хабарлайды Almaty.tv 

Іс-шара мектепке дейінгі жастағы балаларға арналып ұйымдастырылды.

«Бүгінгі біздің қонақтарымыз – жеке балабақшаға баратын қыздар мен ұлдар. Олар тәрбиешілерімен бірге кітапханаға жиі барып, кітап оқуды үйренеді, сурет салады, ойын ойнайды. Ақпараттық сағат барысында балалар тақырыптық әдебиеттермен танысып, экологиялық тәртіп ережелері мен табиғи ресурстарды сақтау жолдары туралы білді. Біздің мақсатымыз – оларға ерте жастан бастап экологиялық мәдениет пен табиғатқа ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыру», – деді №7 Балалар кітапханасының қызметкері Кенжегүл Әбдікәрімова.

Оқи отырыңыз: Жан жарасынан жаңа өмірге: 9 әйелдің тағдыры өнер тілімен өрілді