Елімізде әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған маңызды жобалар іске асып жатыр. Осындай игі бастамаларға ұйытқы болып жүрген Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығы бүгінде «Көрінбейтін сезімдердің кеңістігі» атты жобаның таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv
Іс-шараның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерді қолдау. Басты кейіпкерлер өмірдің күрделі сынақтарын еңсеріп, жаңа өмір бастауға күш тапқан тоғыз әйел. Олар өздерінің жеке оқиғалары арқылы қорқыныштан арылып, үміт отын қайта жағып, жан жарасынан жаңа мүмкіндіктерге дейінгі жолын баяндайды. Сонымен қатар іс-шара барысында суретшілер қатысушылардың әңгімелерінен шабыт алып, олардың сезімдері мен толғаныстарын, қайта қалыпқа келу жолындағы ішкі өзгерістерін кенеп бетіне түсіреді.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің өмір жолын, қиындықтарды еңсеру жолын өнер арқылы көрсету және оны өнермен байланыстыру. Кейде айтылмай қалған оқиғаны музыкамен сезінуге болады. Немесе суретшілердің жұмыстарынан көруге болады. Жалпы дағдарыс орталығындағы көптеген әйелдің тарихымен таныстым. Оолардың басты мақсаты – қоғамда яғни сондай жағдайға ұшыраған әйелдерді қолдау, – деді «Жан-сая» дағдарыс орталығының арт-директоры Жасұлан Мәмбеткерей.
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында жоғалған 6 жастағы қыздың денесі Сырдариядан табылды