Аталған жобаны іске асыруға ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі қызығушылық танытқан
Экологиялық құндылықтар білім беру практикаларына енгізілмек. Қоршаған ортаға деген қамқорлық бұдан былай стартап жобалар мен арнайы дәрістер арқылы көпшілікке таныстырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған жобаны іске асыруға ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі қызығушылық танытқан. Бұған дейін де «Тұрақты жол» деп аталатын Ұлттық әлеуметтік эко-науқан өткізіп келген компания бесінші мерейтойлық циклді қорытындылап, атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Бірнеше жоба аясында табиғатқа жанашырлық танытып, оны қоғамға дәріптеуді мақсат еткен бастама келер жылы да жалғасын таппақ.
"Биыл «Жаһандық сенбілік» аясында елдің 14 облысы мен 3 қаласында табиғатқа жанашырлық таныта алдық. Бұл идеяны жүзеге асыруға 2 мыңнан аса адам атсалысты. Жиналған 4 тонна қоқыс пен қалдықты қайта өңдедік. Бүгін жыл қорытындысын жасап отырмыз. Айтатын атқарған істеріміз жетерлік. Осы көрсеткішті әлі де арттыруға күш саламыз", – деді Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының вице-президенті Сабина Ақжарова.
"Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары федерациясымен 15 жылдан бері жұмыс істеп келміз. Экологиялық жобаларға қатыстық. Жастарға экология жөнінде дұрыс ақпарат беріп, олардың сана-сезімін арттыру керее екенін ұғып, жобаға қолдау көрсеттік", – деді демеуші компанияның өкілі Жанар Қошпанова.
Оқи отырыңыз: Алматы волонтерлері игі істер марафонын өткізді