Зерттеушілер АЭС салудың қауіпсіз екенін айтты
«Ел арасында АЭС салуға қатысты даңғаза әңгімелер, шаласауатты пікірлер айтылып жүр. Бұл сөздердің артында ғылыми дәлел жоқ". Осылай деген Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым энергетика саласында жұмыс істеп жатқан мамандардың ойы мүлде басқа екенін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда жас ғалымдармен кездескен халық қалаулысы өндіріс ошағын тұрғызудың маңызы мен әлем елдерінің тәжірибесіне тоқталды. Зерттеушілер өз кезегінде ғылым мен техниканың дамыған заманында АЭС салудың қауіпсіз екенін айтты. Олар құрылыс кезінде пайдаланылатын заманауи технологиялар қоршаған ортаға да, адам денсаулығына да зиян емес екенін жеткізді.
"Мамандармен сөйлестік. Әлеуметтік желіде саладан хабарсыз, түсінбейтін, азаматтар пікір айтып жатыр. Дақпырт, даңғаза таратып жатады. Бұл енді қиянат шындап келетін болсақ. Физик, ғалымдармен, энергетиктер «мүмкіндігінше жауап береміз» дейді. Бірақ солардың біреуі де келіп, менімен дебатқа шыға алмайды", – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым
Айдос Сарымның айтуынша, оларда ғылыми дәлел жоқ.
"АЭС салу мемлекетке өте қажетті. Яғни дамып жатқан 30 мемлекет қатарына кіруімізге себепші болады және электр энергиясын сатып алып жатқан мемлекеттерге тәуелді болмаймыз. Өндіріс орындарының өсуіне, дамуына, тоқтаусыз жұмыс істеуіне негізгі энергия көзі болып табылады", – деді жас ғалым Абдысемат Самадун.
Оқи отырыңыз: АЭС: сала мамандары алматылық дәрігерлермен кездесті