Басқосуда АЭС-ке қатысты мәселе талқыланды
Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының ұжымы Мәжіліс және мәслихат депутаттарымен, Ядролық физика институтының қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда АЭС-ке қатысты мәселе талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақ халаттылар халық қалаулылары мен сала мамандарына сұрақ қойып, өндіріс ошағын салудың маңызына тоқталды. Сұрақ-жауап форматында өткен жиында озық мемлекеттердің тәжірибесі сөз болды.
"Экономикалық, экологиялық тұрғыдан алсақ та, қауіпсіздік жағын қарастырсақ та АЭС ең тиімді, қауіпсіз станса боп тұр", – деді ядролық физика институтының жетекші ғылыми қызметкері Данияр Жансейітов.
"Қазақстанға АЭС салу жайлы толық ақпарат берілді, мәлімдеме жасалды", – деді №4 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ұлан Алматаев.
Оқи отырыңыз: Референдум: Түркістан облысында 945 учаске жұмыс істейді