Ел бағдарын айқындаған келелі сұхбат - Арман Жүдебаев

primeminister.kz
primeminister.kz

Мемлекет басшысының сұхбатында жастар мәселесіне баса назар аударылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Ел бағдарын айқындаған келелі сұхбат". Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ana tili" газетіне берген сұхбаты туралы  осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Ел ішінде желдей ескен негізсіз қауесет әңгімелерге тоқтау қойып, мемлекеттік мүддені тағы бір мәрте айшықтаған салмақты сұхбат көптің көңілін орнықтырары анық. Қазақстанның сыртқы, ішкі және экономикалық саясатындағы жетістіктерімізге шолу жасалып, жақын арада жүзеге асырылуы тиіс іргелі жобалар аталған", - деп жазды А. Жүдебаев Facebook-парақшасында.

Президенттің айтуынша, тұрақты экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала бермек. Бұл — тұрақтылық пен дамуды ұстанатын жетекші елдерге тән позиция. Өткен жылы ашылған мектептер мен балабақшалар, өндіріс ошақтары, өңдеу өнеркәсібі саласындағы мекемелер — ұлттық экономиканы күшейту мен әлеуметтік саясаттағы жетістіктеріміз.

"Мемлекет басшысының сұхбатында жастар мәселесіне баса назар аударылды. “Еліміздің тағдыры — жастардың қолында. Бұл — әншейін әдемі сөз емес, мемлекет стратегиясының түпкі мәні” деген сөзі жас буынның бойына қанат бітіріп, сенімін нықтай түсері сөзсіз.

Сұхбаттағы ғылым, білім ошақтарының инфрақұрылымын дамыту, креативті индустрияның барлық бағыттарын тұрақты дамыту, жастардың жан-жақты сапалы білім алуына жағдай жасау туралы бастамалар — уақытылы әрі ұтымды ұстаным.

Осы ретте тұтас жұрт болып, Мемлекет басшысының тапсырмаларының, Үкіметтің жұмыс жоспарының, Парламенттің заңнамалық базаны күшейту шаралары мен халықаралық келісімдер мен міндеттемелердің, Ұлттық құрылтайдағы қабылданған шешімдердің орындалуына атсалысуымыз керек. Басты мақсатымыз — тұрақты дамуды қамтамасыз ету, ұлттық мүдде жолында іргелі жұмыс атқару, бірлігімізді сақтау", - деді оқу орнының басшысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі ең ірі цифрлы хабтың бірі бола алады

Новости партнеров