Ел жолдарында электромобильдерге арналған зарядтау станциялары көбейіп келеді

11.08.2026 14:58

Жол бойындағы сервисті жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі – жеке инвестицияларды тарту

Depositphotos.com

Бүгінде халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 67 электр көлігін қуаттандыру станциясы (ЭЗС) жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зарядтау инфрақұрылымы еліміздің көптеген өңірін қамтиды. Қолданыстағы желіні кеңейту жұмыстары мердігер ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жалғасуда.

Электр көлігінің танымалдығы артып келе жатқанын ескерсек, ЭЗС желісін дамыту ерекше маңызға ие. Елдімекендер арасындағы бағыттарда зарядтау станцияларының болуы электромобильдерді ірі қалалар ішінде ғана емес, өңірлер арасындағы ұзақ сапарларда да кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Жол бойындағы сервисті жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі – жеке инвестицияларды тарту. Көлік министрлігі бизнес өкілдерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол бойындағы сервистің жаңа нысандарын құру және қолданыстағы нысандарды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Елде әр кәсіпкердің цифрлық профилі жасалады

Толық көрсету