Елде арнайы операция кезінде 40 қару мен 800 оқ-дәрі тәркіленді

10.11.2025 09:53

Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр

ҰҚК

2025 жылдың қазанында полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

40 қару-жарақ тәркіленді: жаяу әскер отшашары, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, 5 граната және 800-ден астам оқ-дәрі.

Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жұмысты жалғастырып жатыр. 

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында монша өртеніп, 22 адам эвакуацияланды