Елде бензин тапшылығы жоқ

09.04.2026 16:55

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтің айтуынша, жанармай қоры жеткілікті

Елдің ішкі нарығында бензин тапшылығы жоқ. Бұл туралы Сенат кулуарында Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Сөзінше, жанармай қоры жеткілікті. Қазір 600 мың тоннаға жуық бензин мен 600 мың тонна дизель отыны бар екен. Вице-министр отын бағасын өсіруге негіз жоқ деп отыр. Ол жанар-жағармай саласында баға нарықтық жолмен қалыптасатынын, министрлік бағаны реттемейтінін де еске салды.

«Жергілікті штабтар, әкімдік қатаң қадағалайды. Сондықтан шұғыл өзгеріс болмайды. Оны қадағалап отыр. Біріншіден, халықтың жағдайын қамтамасыз етуіміз керек. Олар үшін бензин басғасы қымбат болмауы керек», - деді ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов.

Оқи отырыңыз: ҚТЖ паркі заманауи локомотивтермен толықты