Ел аумағында 248 заңсыз қоқыс үйіндісі әшкереленген
Ішкі істер министрлігі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын жүзеге асыруды белсенді жалғастырып жатыр. Ведомство тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерге тастаудың алдын алу, сондай-ақ сұйық қалдықтарды арнайы полигондардан тыс аумақтарға төгу фактілерінің жолын кесу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы ҚР ІІМ мәліметіне сілтеме жасап Almaty.tv хабарлайды.
Ресми деректерге сүйенсек, жыл басынан бері бес айдың ішінде ел аумағында 248 заңсыз қоқыс үйіндісі әшкереленген. Сондай-ақ қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзумен байланысты 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша атқарылған жұмыстар:
Оқи отырыңыз: Туристік маусым: Алматыдағы танымал демалыс орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді