Елде әуежайлар мен ұшақтарға тексеріс басталды

27.12.2024 15:49

Экипаж құрамы да қайта қаралмақ

Almaty.tv

Елде әуежайлар мен ұшақтарға тексеріс басталды. Бұл туралы Бас авиация инспекторы Жанат Әбдіғалымов мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv.

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтауда болған ұшақ апатынан кейін ұшақтар мен әуежайларды тексеруге тапсырма берген. Әуелі жолаушылар ең көп келіп, кететін әуежайлар бақыланбақ. Ұшу, авариялық-құтқару және орнитология жағынан қамтамасыз ету істері, сондай-ақ экипаж құрамы да қайта қаралмақ

Оқи отырыңыз: Ұшақ апаты: аман қалған Әзербайжанның 14 азаматы Бакуге аман-есен жетті