Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен технологиялық әлеуеті: профессор Досалы Салқынбек Жолдау туралы

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биылғы Жолдауда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық берілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы, профессор Досалы Салқынбек Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кездесуде сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының 2026 жылғы Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтарға қатысты сарапшылық пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Сарапшының пікірінше, биылғы Жолдауда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық берілген. Ол бұған дейін елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асырылып, жаңа Конституция қабылданғанын және мемлекеттік институттар жаңғыртылғанын атап өтті. Ендігі кезекте ел алдында экономиканы жүйелі жаңғырту міндеті тұр.

«Бүгінде мемлекеттің алдында ауқымды міндеттер тұр. Ең басты мәселе – еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын дамыту. Қазіргі халықаралық жағдайдың күрделенуі мен жаһандық бәсекелестіктің күшеюі бұл бағыттың өзектілігін арттыра түседі», – деп атап өтті Досалы Салқынбек.

Сондай-ақ сарапшы Қазақстанның болашақтағы дамуы үшін берік негіз қалыптастыру қажеттігіне назар аударды. Оның айтуынша, еліміз қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып қана қоймай, технологиялық және ғылыми әлеуетін де жүйелі түрде арттыруы қажет.

Бұл ретте заманауи технологияларды дамыту, экономикалық тұрақтылықты нығайту және ұзақ мерзімді прогреске қажетті жағдай жасау ерекше маңызға ие.

Осылайша, профессордың пікірінше, Жолдауда белгіленген басымдықтар ел дамуының алдағы бағытын айқындайды. Оның негізінде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен технологиялық жаңғырту міндеттері тұр.

Оқи отырыңыз: Қазақстан әлемдік волонтерлік қозғалыстағы орнын нығайтып келеді