Елімізде курортты өңірлерді дамытудың Жол картасы бекітілді

Depositphotos
Depositphotos

Жол картасы 114 іс-шараны қамтиды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Туризм және спорт министрлігі 2026-2029 жылдарға арналған курортты өңірлерді дамытудың Жол картасын іске асырып жатыр. Құжат еліміз бойынша заманауи әрі қауіпсіз туристік кеңістіктер қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv 

Алматы облысы, Жетісу және Абай өңірлерін қоса алғанда, курортты өңірлерге жүргізілген инспекциялық сапар барысында жағажай аумақтарының қазіргі жай-күйіне бағалау жасалды. Нәтижесінде бірқатар өңірде абаттандыру жұмыстары қолға алынып, кейбір өңірде курорттарды заманауи стандарттарға сәйкестендіру үшін қосымша қолдау қажет екені анықталды.

Жол картасы 114 іс-шараны қамтиды. Оны іске асыру жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Жол картасы аясында курортты өңірлердің көлік қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Жазғы маусымда туристік бағыттар бойынша теміржол рейстерінің саны көбейтіліп, қосымша пойыздар іске қосылады және вагондар саны арттырылады. Сонымен қатар туристік өңірлерге, оның ішінде субсидияланатын бағыттар бойынша ішкі әуе рейстерінің географиясы кеңейтіледі. Бұл туристердің қозғалысын жеңілдетіп, курорттық аймақтардың халық үшін қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жол картасын іске асыру курортты өңірлердің жүйелі дамуын қамтамасыз етіп, туристік инфрақұрылым сапасын арттыруға және Қазақстанда ішкі әрі келу туризмін одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Елде аутизм диагнозы қойылған адамдар саны артып келеді

Новости партнеров