Заң жобасы аясында электрондық сауда тауарларын жеке санатқа бөлу көзделген
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Құжат ұлттық заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа енгізілетін түзетулерге сәйкес келтіруге бағытталған.
Заң жобасы аясында электрондық сауда тауарларын жеке санатқа бөлу көзделген. Сонымен қатар құжат электрондық сауда операторларының қызметі үшін заңнамалық негіз қалыптастырады.
Олардың функцияларына жеке тұлғалардың Интернет-алаңдарда тауарларды сатып алу жөніндегі операцияларының логистикасын қамтамасыз ету, сондай-ақ кедендік декларациялау және электрондық сауда тауарларын сақтау процестерінің сақталу мәселелері бойынша Интернет-алаңдармен және кеден органдарымен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру кіреді.
Бұдан бөлек, түзетулермен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі электрондық сауданы құқықтық реттеуді жетілдіру көзделеді.
Оқи отырыңыз: Полиция велосипедті қараусыз қалдырудың салдары туралы ескертті