Елімізде 113 мыңға жуық талапкер грантқа өтініш берген

Almaty.tv
Almaty.tv

"Серпін" бағдарламасы арқылы 2412 азаматты тегін оқыту қарастырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 113 мыңға жуық талапкер грант конкурсына қатысу үшін өтініш берген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, түлектердің дені "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" сияқты мамандықты таңдапты. Айта кетейік, биыл бакалавриатқа түсу үшін 77 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Басымдық инженерлік және техникалық бағыттарға берілген.  Ал "Педагогикалық ғылымдар" мен "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" саласы бойынша 150 сараланған грант берілмек.  Сондай-ақ "Серпін" бағдарламасы арқылы 2412 азаматты тегін оқыту қарастырылған. Байқау нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады.

Еске сала кетейік, былтыр білім гранттарын тағайындау конкурсына ниет білдіргендер саны 104 мыңнан асқан. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанға биыл 7 миллионнан астам шетелдік келген

 

 

 

Новости партнеров