Елімізде 12 перинаталдық орталық салынады

05.08.2025 18:27

Былтыр 162 педиатр оқуын аяқтаса, биыл 159 маман арнайы сертификат алды

Almaty.tv

Денсаулық сақтау министрлігі балалар дәрігерлеріне көңіл бөле бастады. Былтыр 162 педиатр оқуын аяқтаса, биыл 159 маман арнайы сертификат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бірінші қыркүйектен бастап резидентурада оқитындар бала денсаулығына байланысты сұранысқа ие 14 мамандық бойынша білімін жетілдіре алады. Ал ауылды аймаққа аттанған ақ халаттыларға 8 жарым миллион теңге көлеміндегі бір реттік көмек қарастырылған. Жауапты ведомство өкілдері педиатр-дәрігерлердің тапшылығы 25 пайызға төмендегенін айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Орал қалалары мен Түркістан облысында 12 перинаталдық орталық салынбақ. Олар заманауи құрылғылармен жабдықталады деп жоспарланған. Сондай-ақ соңғы жылдары енгізілген бала паспорты да - бүлдіршіндердің денсаулығын уақытында тексеріп, аурудың алдын алуға бағытталған цифрландырылған жүйе.

Оқи отырыңыз: Ана мен бала өлімін азайту үшін қандай шаралар жасалды