Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады

24.12.2024 16:45

Синоптиктер батыста бұрқасын, тұман, екпінді жел және көктайғақ болатынын ескертеді

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қар жауып, кей аймақтарда көктайғақ болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Қазгидрометтің хабарлауынша, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде қар жауса, оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Синоптиктер батыста бұрқасын, тұман, екпінді жел және көктайғақ болатынын ескертеді.

"Түнде орталық пен шығыста 20-25 градус аязға дейін ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Ал қалған аумақтарда температуралық фонда өзгеріс болмайды", – деді  "Қазгидромет" РМК инженер-синоптик Назерке Сүгірәлі.

Оқи отырыңыз: Алматыда 23-29 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады