Елімізде азық-түлік ваучері пилоттық жобасы іске қосылады

Brooke Cagle/ unsplash.com/
Brooke Cagle/ unsplash.com/

Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті үстеме бағасыз сатып алуға мүмкіндік береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ваучер әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті үстеме бағасыз сатып алуға мүмкіндік береді. Жаңа жоба туралы толығырақ Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмекке көшу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қойылатын 15% сауда үстемесін бақылау күшейтіледі және халықтың әлеуметтік осал санатына арналған атаулы қолдау шараларын жүзеге асырғалы жатырмыз. Сонымен қатар тиімді басқару шешімін қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын талдау модулі іске асырылады", — деді Арман Шаққалиев Үкімет отырысында.

Пилоттық жоба шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучері беріледі. 

"Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті үстеме бағасыз сатып алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қаласында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оған 1 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмек алушы кіреді. Жоба өңірлерге сапар барысында Парламент депутаттары тарапынан қолдау тапты және қоғамдық талқылаудан сәтті өтті", — дейді ведомство басшысы.

Оқи отырыңыз: Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

 

Новости партнеров