Өткен жылы мас күйде көлік басқарған 23 мың жүргізуші ұсталған

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Сондай-ақ заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан астам қару тәркіленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігінде өткен алқа отырысында құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы жүйелі профилактикалық және жедел жұмыс нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ басшысы атап өткендей, былтыр елімізде жәбірленушілер құқығы қамтамасыз етіліп, оларға келтірілген залал бойынша шамамен 60 млрд теңге өтелді.

Сонлай-ақ 17 миллионнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Осылайша ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін заңбұзушылықтар ерте кезеңде тоқтатылды.

9 мыңнан астам бала мен жасөспірім тәлімгерлік, спорт және профилактика бағдарламаларымен қамтылды. Бұл шаралар кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тарту қаупін төмендетудің негізгі құралы ретінде қарастырылады.

«23 мыңнан астам жүргізуші мас күйде көлік басқарғаны үшін ұсталып, жолдағы жүздеген трагедиялардың алдын алу мүмкін болды», - делінген ІІМ хабарламасында.

Сонымен қатар Ұйымдасқан және трансұлттық қылмыспен күресу жұмысы айтарлықтай күшейтілді.

«Ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша 78 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 10 іс трансұлттық сипатта болған. Қылмыстық қауымдастықтардың 299 көшбасшысы мен қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан астам қару тәркіленді. Қабылданған шаралар қылмыстық топтарды қаржыландыру және жабдықтау арналарының жойылуына, сондай-ақ олардың экономика мен қоғамдық қауіпсіздікке ықпалын тоқтатуға мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Былтыр елімізде жоғалып кеткен 20 мың адам табылып, отбасыларына қайтарылды

Новости партнеров