Елімізде бірқатар дәрі-дәрмек бағасы арзандауы мүмкін

30.09.2025 20:27

Алдағы уақытта құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімі анықталады

Almaty.tv

Елімізде бірқатар дәрі-дәрмек пен кей медициналық қызмет бағасы арзандауы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денсаулық сақтау министрлігі сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған препараттар мен қызмет түрлерін қосылған құн салығынан босатуды көздейтін жоба әзірледі. Мамандардың сөзінше, бұл пациенттерді қолдауға және емдеуді қолжетімді етуге сеп болмақ.

Құжат 13 қазанға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Алдағы уақытта құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімі анықталады.

Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік апат: Алматы облысында 8 адам көз жұмды