212 педагогке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер телімдері үлестірілген
Мұғалімдерді баспанамен қамтамасыз етудің қандай тетіктері қарастырылған. Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Білім басқармаларының ақпараты бойынша елімізде 2025 жылы 277 педагог мемлекет тарапынан тегін тұрғын үймен (оның ішінде 185-і қалалық, 92-і ауылдық жерде), 184 педагог қызметтік тұрғын үймен қамтылды, ал 1025 педагог жатақханаларға орналастырылды", - делінген министрліктіңберген жауабында.
Сонымен қатар, 212 педагогке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер телімдері үлестірілген.
"Тұрғын үйді жалға алуға 501 педагогке жағдай жасалған. Коммуналдық қызметтерге өтемақымен қамтылған (ауылдық жерлерде отынмен, сумен, көмірмен) педагогтер саны — 138 071 (оның ішінде 137 773 педагог ауылдық жерде, 298-і қалалық жерде", - деп нақтылады ведомство.
Дереккөз: Kazinform агенттігі
Оқи отырыңыз: Мектептегі әлімжеттікпен жасанды интеллект күреспек