Елімізде жалпы практика дәрігерінің жұмыс кестесі өзгерді. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жаңартылған стандартын бекітті. Құжатта енді науқастарды медбикелер де қабылдайтыны жазылған. Ведомствоның мұндай қадамға баруына не себеп?
Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының бөлім меңгерушісі Гүлмира Дүйсембаева жауап береді.
– Гүлмира Айтуарқызы, министрлік бекіткен медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жаңартылған стандартындағы басты өзгеріс қандай?
«Жаңартылған 49-стандарт бойынша дәрігер 6 сағат науқас қабылдайды. Бұрын олар 4-5 сағат қабылдауда отыратын. Яғни 6-сағаты «жоспарланған қабылдау» деп айтамыз. Оған деген скринингке шақырылатын, вакцинацияға, иммундауға және диспансерный учетта тұратын пациенттер шақыралады»
– Жаңа стандартқа сай дәрігер енді науқасты қанша уақыт қабылдайды?
«Жаңа стандарт бойынша, дәрігер науқасты 15 минут қабылдайды. Пациентке байланысты, кейбір ауру түрлерін 10 минут, 7 минут жетеді. Ал кейде диагнозды анықтау үшін және басқа да жазған мамандардың жазулары қарауға 20-30 минут кетуі мүмкін»
– Құжатта тағы қандай өзгерістер бар?
«Жоспарланған қабылдау» кезінде бакалавр медбикелеріміз отырады. Оған диспансер есебінде тұрған, скринингке қабылдау, иммунизация, имуннопрофилактика, вакцинацияға келген пациенттерді шақырамыз. Соларды медбикелеріміз қабылдай алады».
Оқи отырыңыз: Гонконг тұмауы: СҚО-да науқастар саны артып келеді