Елімізде екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды

Үкіметтің дерегінше, 2024 жылы алғаш рет мемлекеттік есепке 35 кен орны енгізілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде екі жылда 54 жаңа кен орны ашылған. Оның басым бөлігі, яғни қырығы қатты пайдалы қазбаларға тиесілі. Үкіметтің дерегінше, 2024 жылы алғаш рет мемлекеттік есепке 35 кен орны енгізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал былтыр тағы 19 жаңа нысанмен толығыпты. Олардың қатарында қатты пайдалы қазбалардан бөлек, көмірсутек шикізаты мен жерасты сулары бойынша кен орындары да бар. Бұдан бөлек, аталған кезеңде бірқатар пайдалы қазба түрлері бойынша ресурстар мен қорлардың көлемі де ұлғайған.

«Мемлекет жүргізіп отырған саясат өз нәтижесін беріп жатыр. 2024-2025 жылдары минералды шикізат базасын 157 тоннадан астам алтын, 122 мың тонна мыс, 1,9 миллиард тоннаға жуық темір рудасы, сондай-ақ басқа да пайдалы қазбалардың айтарылықтай өсімі алынды», – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитетінің төрағасы Қанат Ерубаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеге жетті