Елімізде ер мұғалім көп пе

Almaty.tv
Almaty.tv

Бір мұғалім орта есеппен 1000-нан аса оқушыны оқытады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұғалімдер күнін әлемнің 100-ден астам елі атап өтеді. Бұл – білім беру саласындағы қызметкерлерге ортақ кәсіби мереке. 

Almaty.tv. салаға қатысты деректерге назар аударды.

Қазақстанда 8 мыңға жуық мектепте 412 мыңнан астам мұғалім еңбек етіп жүр. Олардың 300 мыңнан астамы әйелдер. Ал ерлер саны 76 мыңнан асады. Елімізде 3,9 миллионнан аса оқушы бар.

Ұстаздар қатарында еңбек жолын енді бастаған жас мамандар үлесі 30 пайыз.  Биыл 14 мыңға жуық жас маман жұмысқа орналасқан. Бірақ елде 3 мыңнан аса педагог жетіспейді.

Мұғалім мәртебесі соңғы жылдары артып келеді. Кей деректерде ұстаздар жалақысы 5 жылда 2 есеге өскен.

Елдегі ең ірі мектептердің бірінде 5000-нан аса оқушы оқыса, шағын аудандарда 10-15 бала білім алады.

Бір мұғалім орта есеппен 1000-нан аса оқушыны оқытады.

Сала мамандары үшін ең үлкен марапат – «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы».

Сондай-ақ мұғалім еңбегі «Құрметі ұстаз» төсбелгісі, «Ы. Алтынсарин» медалін табыстау арқылы бағаланады.

Елімізде білім саласына қатысты мерекелер:

1 қыркүйек– Білім күні.

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күн.

5 қазан – ҚР Білім және ғылым қызметкерлері күні

Сондай-ақ 5 қазан – Мұғалімдер күнінде елімізде ұстаздарға ерекше құрмет көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Фарида Рамазанова: Жақсы тұлға өсіру – ұстаздың басты парызы

Новости партнеров