Қазір олар 12 бағыт бойынша қатынайды
Елімізде әйелдер вагондарымен 900 мыңға тарта жолаушы тасымалданған,.Ал биыл 100 мың адам мінген. Ақпаратты Үкіметте өткен баспасөз жиынында «Қазақстан темір жолы» компаниясының басқарма төрағасы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Талғат Алдыбергенов қауіпсіздікті күшейту мақсатында әйелдер вагонының санын көбейтпекші. Қазір олар 12 бағыт бойынша қатынайды.
«Әйелдер вагондарында 860 мыңдай жолаушы тасымалданды. Ал биыл бұл көрсеткіш 100 мың адам. Ондай вагондарда қызмет көрсететін жолсеріктер де – әйелдер. Қауіпсіздік қамтамасыз етілген. Әйелдер вагондарының санын көбейтіп жатырмыз», – деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 шілдеге дейін 30-ға жуық жаңартылған вокзал ашылады