Елімізде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ЖИ көптеп енгізілмек

t.me/KZgovernment
t.me/KZgovernment

Заңбұзушылықтарға нөлдік төзімділік пен міндетті түрде жазалау қағидатын қамтамасыз ету жұмысы жалғасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының нормаларын жүзеге асыру бойынша құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты жоспарланған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Конституцияның преамбуласы мен бірінші Тарауында – «Әділетті Қазақстан», Заң мен тәртіп қағидаттары нақты бекітілгенін атап өтті.

Бұл – Ішкі істер министрлігі үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және профилактиканы тиімді жүргізуге бірден-бір негіз болып саналады. Бұл нормаларды жүзеге асыру «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» жаңа заң шеңберінде қамтамасыз етілетін болады.

«Профилактиканың жаңа субъектілерін және қоғамды жұмылдыру, ерте ден қою, адамдармен жекелеген жұмысты күшейту, кәмелетке толмағандар және тұрмыстық зорлық құрбандарының құқықтарын қорғауға баса назар аударылды», — деп атап өтті Ержан Саденов.

ІІМ жыл сайын Президенттің атына жолданатын Ұлттық баяндама жобасын әзірлеп, Үкіметке енгізетіні атап өтілді. Заңбұзушылықтарға нөлдік төзімділік пен міндетті түрде жазалау қағидатын қамтамасыз ету жұмысы жалғасады.

Сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласына ЖИ енгізу және цифрландыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Негізгі жобалар қатарында Ұлттық бейнемониторинг жүйесі, аудандағы кезекші бөлімдерді техникалық жаңғырту, бейне-аналитиканы қолдану, жол қауіпсіздігі және көші-қонды бақылау салаларын жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бар.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жердің тозуын болдырмау үшін қорғаныш орман белдеулері жүйесі құрылады

Новости партнеров