Қызылша өсімі байқалған 9 өңірде қосымша иммундау жұмысы күшейтілді
Depositphotos.com
Науқастар арасында екпе алмағандар саны көп
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жыл басынан бері ел бойынша қызылшаның 3 343 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Еліміздің 9 өңірінде: Астана қаласында, Алматы қаласында, Жамбыл, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарында аурудың өскені байқалады.
«Аурудың көптеген жағдайлары 5 жасқа дейінгі балалар арасында (72%) тіркеледі, атап айтқанда, 1 жасқа дейінгі балалар – 24%, 1 жастағы балалар – 23%, 2-4 жастағы балалар – 26%. Сырқаттанушылықтың 78%-да екпе алмаған адамдар арасында тіркелуде. Екпе алмай ауырған науқастардың 56%-ы екпеден бас тартқан адамдар, 14%-ы медициналық себептермен кейінге қалдырған адамдар, 30%-ы егу жасына жетпеген балалар», - деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Нысаналы жастағы балаларды жоспарлы иммундау жүргізілуде.
«Аурудың артып отырғанын ескере отырып, 2025 жылғы қарашадан бастап вакциналардың қолда бар көлемі шеңберінде 6-11 айлық балаларды қосымша иммундау бойынша жұмыстар күшейтілді», - деді Комитет төрағасы.
Оқи отырыңыз: Елімізде ЖРВИ-мен сырқаттанғандар саны 13%-ға төмендеді - ДСМ
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35