Елімізде Қазақстан есімді қанша адам бар

20.10.2025 16:52

Ең қарт Қазақстан 92 жаста

Аlmaty.tv

Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

«Олардың көпшілігі Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам. Қостанай облысы мен Астанада – әрқайсысында 3 азаматтан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – әрқайсысында 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір азаматтан тұрады», - делінген хабарламада.

28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі Қазақстан.

Жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те.

Оқи отырыңыз: Ерекше жандарға арналған спорт орталықтарын қаржыландыру көлемі артады