Елімізде киберқауіпсіздік саласына 2 400-ге жуық грант бөлінді

21.07.2026 15:43

Қазақстан киберқауіпсіздік мамандарын даярлауға басымдық беріп отыр

Аlmaty.tv

Қазақстанда киберқауіпсіздік мамандарын даярлауға ерекше көңіл бөлінуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бүгінде Қазақстанда киберқауіпсіздік саласы бойынша мамандар 12 жоғары оқу орнында даярланады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Үмітжан Арықбекова хабарлады.

«2026 жылы киберқауіпсіздік мамандықтарына 2 400-ге жуық мемлекеттік білім гранты бөлінді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда аздап төмендеген. Бұған мемлекеттік гранттардың бір бөлігі жасанды интеллект пен цифрландыру бағытындағы жаңа білім беру бағдарламаларына қайта бөлінуі себеп болды», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Екі ведомство жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын тұрақты түрде зерделеп, оқу бағдарламасын жаңартып отырады.

Оқи отырыңыз: Жасыл дәліз: Қазақстанда онкологиялық көмектің жаңа цифрлық жүйесі енгізіледі