Елімізде коммуналдық қызмет қымбаттай ма

Вице-министр коммуналдық тарифтерді бекіту бірнеше кезеңнен өтетінін жеткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мораторийден кейін коммуналдық қызмет қымбаттайды». Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Десе де, ол тарифтердің бірден көтерілмейтінін және бұл үшін тиісті рәсімдер сақталуы қажет екенін баса айтты. Вице-министр коммуналдық тарифтерді бекіту бірнеше кезеңнен өтетінін жеткізді. Сөзінше, алдымен табиғи монополиялар агенттігі субъектілерді қарайды, ал Энергетика министрлігі өндіруші стансалардың тарифін зерттеп, сосын ғана шешім қабылдайды екен. Әр өңірде бағадағы өзгеріс жергілікті деңгейде қаралады. Вице-министр коммуналдық тарифтердің өсуіне әсер ететін факторларға да тоқталды.

«Өсуі мүмкін. Енді оны ашық айтып жатырмыз. Өйткені, инфляция бар, тиісті құралдар қымбаттайды. Екіншіден, ол мекемелердің бәрінде біздің жерлестеріміз жұмыс жасайды. Жалақыны көтеріуіміз керек.  Сондықтан ол мәселелер объективті түрде қаралып, сондықтан тиісті себептер болғанда өсіруі мүмкін», - деді ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Оқи отырыңыз: Цифрлық технология: Олжас Бектенов көмір кен орындарында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуді тапсырды

Новости партнеров