Сыр өңірінде зауыт жұмысын автоматты құрылғылар атқарады

Кәсіпорын тәулігіне шамамен 3300 шаршы метр дайын өнім шығарады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыр өңірінде өндірістің тынысы өзгерді. Ірі кәсіпорындарында робототехниканың үлесі артып келеді. Кеше ғана адам күшімен атқарылған жұмыс, бүгін темірдің тіліне көшті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аумағы атшаптырым алқапты алатын зауыт. Әдетте кәсіпорын туралы сөз қозғағанда көз алдыңа бірден жүздеген жұмысшының бір мезетте тоқтаусыз еңбек екен көрінісі келеді. Бірақ мұнда бәрі басқаша. Зауыт жұмысын толықтай автоматты құрылғылар атқарады. Ал жиырмаға жуық жұмысшы - техниканың тілін меңгерген мамандар. Олар жұмыс процесінің жүйелі жүруін қадағалайды. Мұнда өңдеудің барлық кезеңі цифрлық басқару арқылы бақыланады. Кәсіпорын тәулігіне шамамен 3300 шаршы метр дайын өнім шығарады.

«Айына 6-7 вагон айна шығарып жатырмыз. 100 пайыз ішкі нарықты қамтып жатырмыз. Көкшетау, Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Жаңаөзен қалаларына жібереміз. Мысалы Әзербайжан елінен сұрастырып, келісудеміз, бір ай көлемінде шешіледі деп ойлаймын. Бізге қажетті өнім шыныны шыны зауыттан аламыз», - деді компания директоры Айжан Өмірзақова.

Өндірістік процестерді толық цифрландырған шыны зауытында да тиімділік артқан. Мұнда өнімді жинақтауға 4 өнеркәсіптік робот қолданылады. Ауырды жеңіл, алысты жақын еткен техника тынымсыз, тоқтаусыз жұмыс істейді. Жапондық компанияға тиесілі роботтар автоматтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылар қатарында. Олар ауыр салмақты өнімдерді өңдеу мүмкіндігімен ерекшеленеді.

«Тәулігіне 550 тонна дайын өнім шығады. Шыққан өнімдерді Қазақстан Республикасы толықтай қолданады және де көрші мемлекеттерге экспортқа шығады. Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Әзербайжан сияқты мемлекеттерге экспорттаймыз. “Орда Гласс” шыны зауытында 360-қа жуық қызметкерлер бар. Барлық жер автоматты түрде. Зауыттың 80 пайызы автоматты түрде орындалады», - деді компанияның өндіріс-техникалық бөлімі бастығының көмекшісі Нұрәлі Ермағанбет.

Сұраныс бар жерде – қозғалыс бар. Соңғы үш жылда өндіріс көлемі 500 мың тоннаға жеткен. Өнімнің 70 пайызы өзімізде қалса, қалғаны шетел асып жатыр. Ресейден бастап, Еуропаға дейін жол ашылған.

Асқар Сәрсенұлы, Төрехан Әділбекұлы, Қызылорда

Оқи отырыңыз: Елімізде коммуналдық қызмет қымбаттай ма

Новости партнеров