Бұл көрсеткіштердің өсуі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюымен байланысты
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері артты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көпбалалы отбасыларға төленетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері мынадай болып белгіленеді:
Бұл көрсеткіштердің өсуі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюымен байланысты. 2025 жылы АЕК мөлшері 3 692 теңгеден 3 932 теңгеге дейін артты.
«Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес, төрт және одан көп баласы бар, оның ішінде 23 жасқа дейін күндізгі оқу нысанында білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасы саналады.
2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға 390 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленген. Бұл қолдау отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Жылан – құпиялар жылы: ел тарихында қандай маңызды оқиғалар болды