Көппәтерлі үйлердің 67%-ы қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланған
Қазақстанда шамамен 60 мың көппәтерлі тұрғын үй (КПТҮ) бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың техникалық жағдайын талдау тұрғын үй қорының бір бөлігін жүйелі түрде жаңғырту мен жөндеуді қажет ететінін көрсетеді.
— Атап айтқанда, көппәтерлі үйлердің 67%-ы қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланған. Бұл ретте қалған тұрғын үй қоры қосымша жаңарту мен күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді, — делінген хабарламада.
Айта кету керек, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат қолданыстағы тұрғын үйлерді жаңғырту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалалық жайлы ортаны қалыптастыру арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Алматының коммуналдық қызметі нөсер жаңбырға байланысты күшейтілген режимге көшті