Елімізде «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасын іске қосылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Отбасы банкі» тұрғын үй сатып алғысы келетін қазақстандықтарға арналған «Наурыз» бағдарламасын іске қосты.

Бағдарлама тиімді шарттармен несие рәсімдеуге мүмкіндік береді. Яғни, азаматтар 10 пайыз бастапқы жарна құю арқылы баспана ала алады. Ол үшін биыл банк 188,42 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлген. Сонымен 1 желтоқсанға дейін жалғасатын «Наурыз» бағдарламасы кімдерге арналған және оған қалай қатысуға болады? Бұл жөнінде толығырақ «Алматы» телеарнасының студия қонағы «Отбасы банкі» Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Камшат Оңалбаева айтып береді.

– Камшат ханым, бағдарламаға қатысу үшін қандай талаптар қойылады? Құжаттарды қалай және қайда тапсыру қажет?

«Ең басты екі шарт – «Отбасы банктен» депозит ашу, 2 миллион теңге құйып, «Наурыз» бағдарламасына қатысу. Екінші шарт, қатысушының және отбасының Қазақстан бойынша соңғы 5 жылда атында үйі болмауы керек.

– Бағдарлама арқылы қандай тұрғын үй алуға болады?

«Алматы, Астана қаласы бойынша бірінші нарықта, басқа аумақтарда екінші нарықта үй алуға болады. Алматы, Астана қаласы бойынша 36 миллион, басқа аумақтарда 30 миллион теңгеге дейін баспананы сатып алады».

– Кешелі бері қанша адам өтініш берді? Бағдарламаға деген сұраныс деңгейі қандай?

«Қазақстан бойынша 7892 өтінім қалдырылды, оның ішінде Алматы қаласында 1500-ден астам тұрғын, Астанадан 1200-ден астам адам өтініш қалдырды».

– Наурыз ипотекалық бағдарламасына қатысатын азаматтар нені ескеруі керек?

«Ең бастысы, депозит ашып, депозитке сыйақы жүретінін міндетті түрде білуі керек. Сол арқылы ғана іріктеу кезеңі өткізіледі».

Оқи отырыңыз: Құздың жиегіндегі өмір: Петропавл тұрғындары үреймен күнелтіп отыр

Новости партнеров