Елімізде өз денсаулығы мен өмір сүру сапасына қанағаттанатындар саны қанша

09.10.2025 16:04

Зерттеу халықтың болашаққа деген сенімін де көрсетті

Almaty.tv

Қазақстанда халықтың өмір сүру сапасы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Ұлттық статистика бюросы жүргізген «Халықтың өмір сүру сапасы» атты зерттеу нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың 53,2%-ы өз өмір сүру жағдайына қанағаттанады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлттық статистика бюроысының жазуынша, бұл көрсеткіш өткен жылғы 52,5%-бен салыстырғанда аздап өсіп отыр.

Ауыл тұрғындары өмір сүру жағдайына көбірек риза – ауылдық респонденттердің 65,4%-ы жағдайына қанағаттанатынын айтқан. Қала тұрғындары арасында бұл көрсеткіш – 51,7%.

Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 51%-ы өз денсаулығына қанағаттанатынын, ал 46,4%-ы жартылай риза екенін білдірген. 2024 жылмен салыстырғанда, денсаулыққа қанағаттану деңгейі 1,5 пайыздық тармаққа артқан.

Материалдық жағдайға келсек, қатысушылардың 73,6%-ы өздерін орташа қамтамасыз етілгендер қатарына жатқызған. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың 65,8%-ы туыстары мен таныстарынан моральдық қолдау бар екенін айтқан.

Зерттеу халықтың болашаққа деген сенімін де көрсетті: қазақстандықтардың 73%-ы өз өмірі жақсарады деп сенеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады