Зерттеу қазақстандықтардың нақты жалақы деңгейін көрсеткен
2025 жылғы зерттеу нәтижесінде Қазақстанда жұмысшылардың медианалық жалақысы 317 мың теңге болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2025 жылдың сәуірінде Бюро жүргізілген зерттеу қазақстандықтардың нақты жалақы деңгейін көрсеткен. Зерттеу аясында барлық ірі кәсіпорындар және ірі бизнеске жатпайтын орта және шағын компаниялардың 30%-ы қамтылған.
Зерттеуде нақты жалақы туралы мәліметтер, барлық қосымша төлем, үстемақылар, сыйақылар, салықтар мен зейнетақы аударымдары есепке алынған.
Зерттеу қорытындысы бойынша:
Бюро деректеріне сүйенсек, медианалық жалақы, яғни жалақыны тең екі бөлікке бөлетін орташа көрсеткіш 317 512 теңгені құрады. Бұл өткен жылғы 285 677 теңгемен салыстырғанда 11,1% жоғары.
Білім деңгейі бойынша айырмашылық та айқын байқалады:
Бұл мәліметтер елдегі еңбек нарығындағы жалақы айырмашылықтарын және білім деңгейінің табысқа әсерін айқын көрсетеді.
Оқи отырыңыз: Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасының шарттарын өзгертті