Елімізде президенттік кітапханалар ашылады

26.08.2026 15:23

Президент Астанада, Алматыда және бірқатар облыс орталығында балаларға арналған Жаратылыстану музейін ашуды жөн санайды

Depositphotos.com

Президент Астанада, Алматыда және бірқатар облыс орталығында балаларға арналған Жаратылыстану музейін ашуды жөн санайды. Мұны Мемлекет басшысы Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сһзінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Кітап оқу мәдениетін насихаттауға айрықша назар аударған жөн.   Биыл тиісті Жарлыққа қол қойдым. Үкімет осы жұмысқа қоғам белсенділерін, шығармашылық пен ғылыми қауымдастық өкілдерін, журналистер мен кәсіпкерлерді көптеп тартқаны жөн.   Балалардың ғылымға қызығушылығын оятпасақ, адам әлеуетін нығайту мүмкін емес.   Бұл істе оқушыларға арналған ғылыми музейлер мен зерттеу орталықтары маңызды рөл атқаратынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Дәл осындай алаңдар оқушыларға білімін іс жүзінде қолданып көруге, тәжірибе жүргізуге, ғалымдардың еңбегімен танысуға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.   Осы орайда Астанада, Алматыда және бірқатар облыс орталығында балаларға арналған Жаратылыстану музейін ашу орынды деп санаймын", – деді Президент.

Екі жыл ішінде Астана, Алматы, Қызылорда қалаларында Президенттік кітапханалар өз жұмысын бастайды.

"Мұндай кітапханаларды Шымкентте және басқа да облыс орталықтарында салу жоспарда бар. Демеушілер аталған бастамаға қолдау білдіреді деп сенемін.   Конституциямызда көрсетілгендей, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан білім беру мекемелерін көбірек салуға, білім беру жүйесін дамытуға және жетілдіруге ден қояйық.   Өскелең ұрпақты өркениетті әрі жасампаз құндылықтар негізінде тәрбиелеу – ортақ парызымыз. Мемлекет, ұстаздар және ата-аналар күш біріктіргенде ғана балаларымыздың үйлесімді дамуына барлық жағдайды жасай аламыз, басқаша айтқанда, жарқын болашағына жол ашамыз", – деді Мемлекет басшысы.  

Толық көрсету