Елімізде студенттер онлайн оқуы мүмкін бе

17.11.2025 20:59

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді

Almaty.tv

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі тұмауға байланысты студенттердің онлайн оқуға көшірілу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жіті бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Денсаулық сақтау министрлігімен үнемі байланыстамыз. Әзірше жоспарлап отырған жоқпыз. Жалпы жағдай бақылауымызда тұр. Мектепке дейінгі, орта білім бойынша Оқу-ағарту министрлігінің пікір білдіргені жөн", - деді министр бүгін Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оқи отырыңыз: Әлімжеттілік: Талғар ауданында 9-сынып оқушысы қаза тапты