Елімізде су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жалақысы 50 пайыз өседі

29.07.2025 20:56

Елімізде су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға дейін өседі. Бұл қатарға 25 мыңнан астам маман кіреді. Қазір аталған бағытта қызмет атқаратындардың азайғаны көпке мәлім. Нақтырақ айтсақ, шаруашылықта мыңнан аса маман жетіспейді. Күрмеулі мәселені жауапты ведомство қалай шешеді? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновация департаменті Инновациялық саясат басқармасының басшысы Еділ Абдраимов жауап береді.

– Еділ мырза, жалақыны арттыру бастамасы нақты қандай мамандарға қатысты және бұл өзгеріс қашаннан бастап күшіне енеді?

«Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірледі. Осы жұмыстың нәтижесінде 1 шілдеден бастап «Қазсушар» қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл өзгерістер сумен жабдықтау жене су бұру кызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам жұмысшының жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Статистикалық деректерге қарай жалақы орта есеппен 35-50%-ға өседі. «Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген өзгерістер  биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін болады».

– Су шаруашылығы саласындағы кадр тапшылығын жою үшін министрлік қандай шараларды жоспарлап отыр?

«Министрліктің бұйрығымен «Су қорын» саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрылды.Салалық кеңестің құрамына мүдделі министрліктер оның ішінде Ғылым және жоғары білім министрілгі, Оқу-ағарту министрлігі сонымен қатар Еңбек жане халықты қорғау министрліктерінің және де жоғарғы арнайы оқу орындары, ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері мен кәсіпте мол тәжірибесі бар мамандар кірді. 2024 жылы 2 салалық кәсіптік стандарттар өзектендірілді, ал 2025 жылы тағы да 2 кәсіптік стандарты өзектендіру және 9 жаңа кәсіптік стандартты әзірлеу жоспарланып отыр».

– Ал жаңа мамандарды даярлау қандай жолмен жүзеге асып жатыр?

«Салалық су саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы «Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» кұрылды. Су саласы мамандықтарына бөлінетін білім гранттарының саны артты. 2025-2026 оқу жылына гидрогеология жене гидрология сияқты пәнаралық мамандарынан бөлек 1052 грант бөлінді. Сондай-ақ жаңа оқу  жылынан бастап «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде алғаш рет «Гидромелиорация» мамандығы бойынша студентерді қабылдау жоспарланып отыр. Сондай-ақ су шаруашылығы кәсіпорындарында өндірістік практикадан өтетін студенттердің саны артты. Егер өткен жылы практикадан 82 студент өтсе, биыл 332 студент практикадан өтті».

Оқи отырыңыз: Су үнемдеу әдісі: Қызылорда облыснда 55 мың гектар күріш алқабы лазермен тегістелді