Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы бақылауда
Еліміздің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі азайды, жағдай тұрақты, мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еліміздің оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі азайды. Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы бақылауда.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысындағы гидрологиялық ахуал тұрақты. Өзендердегі су деңгейі қауіпті межеден төмен, су басу фактілері тіркелмеген. Облыс аумағының 13%-ын әлі де қар басқан. Су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Сергеев су қоймасының жотасы арқылы өтетін су мөлшері біртіндеп төмендеуде, Есіл өзенінің Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласында су деңгейінің көтерілуі қауіпті межеге жеткен жоқ. Облыс орталығына жақын орналасқан Есіл өзенінің жайылмасындағы саяжай учаскелерінде тұрақты патрульдеу жүргізілуде. Облыстағы ахуал тұрақты, бақылау жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді